Атырауда әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

Атырауда тұрғын үйлердің бірінде әйелге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скриншот 17 Маусым 2024 2024, 09:44
17 Маусым 2024 2024, 09:44
1945
Фото: скриншот

Атырауда тұрғын үйлердің бірінде әйелге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ер адам әйелді үйдің кіреберісінде торуылдап тұрып, пышақтап кеткен. Атырау облысы ПД баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

9 маусымда 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің аты-жөні белгілі болды. Қазір жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптама басталды, - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, күдікті мен зардап шеккен әйел азаматтық некеде болған.

Ескерту: Видеода зорлық-зомбылық белгілері бар

Наверх