19 ақпанда Атырау облысы Мақат кентінің тұрғындары 4 адам, оның ішінде 1 бала мал іздеуге қыстауға қарай жеңіл автокөлікпен шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Құтқару-іздестіру жұмыстарына ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
ТЖД қызметкерлері, полиция, жоғалған адамдардың туыстары жаяу және автокөлікпен іздестірді. Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да тартылды. ТЖД күшімен жоғалған адамдар елді мекеннен 80 км қашықтықта табылды. Жоғалған тұрғындардың көлігі батпақты жерлерде тұрып қалған. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі қатты аяз кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес беріп, қалай қорғануға болатынын ескерткен болатын.