Атырауда атыс болды

11 Тамыз 2020, 19:53
2150
Бөлісу:
Атырауда атыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда атыс қаруымен адам өлтірген 26 жастағы азамат ұсталды.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық оқиға 9 тамызда сағат 03:10 шамасында Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылында болған. 

Ауылдың екі тұрғыны арасында келіспеушілік туындаған. Оның бірі атыс қаруын қолданып, салдарынан 2002 жылы туған азамат оқтан дене жарақатын алған. Кейін ауруханада қайтыс болған. Полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай анықтады. 1994 жылы туған азамат Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деді ПД баспасөз қызметі. 

Қазір бұл іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) жүргізілуде. 

Кейбір дереккөздерде қайтыс болған азамат грэплингтен Азия чемпионы Есенбек Сигуатов екені айтылады. 




Өзгелердің жаңалығы