Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырауда ақша бопсалаумен айналысқан адам қолға түсті

9 Сәуір 2025, 22:21
770
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Атырауда ақша бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 43 жастағы ер адамнан 140 мың теңге көлемінде ақша бопсалаумен айналысқан 33 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде күдіктіден 20 000 теңге табылып, тәркіленді. Белгілі болғандай, күдікті бұрын сотты болған.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы негізінде қамауға алынды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - делінген ақпаратта.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, сондай-ақ ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі тек заңды күшіне енген сот үкімімен анықталады.

Өзгелердің жаңалығы