Атырауда Абай есімін жаңа орталыққа беріп, ескерткішін орнату туралы ұсыныс айтылды

26 Тамыз 2020, 11:50
1223
Бөлісу:
Атырауда Абай есімін жаңа орталыққа беріп, ескерткішін орнату туралы ұсыныс айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық мәслихатының  кезекті қырық алтыншы сессиясы кезінде Атыраудағы оқушылар мен жастар сарайына ұлы Абай есімін беру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Жиында мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қазақтың кемеңгері Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты облыстық оқушылар мен жастар үйінің алаңына Абай ескерткішін орнатып, аталған орталыққа Абай есімін беру туралы ұсынысы талқыланды. Ұсыныс жасаушылар бұның Абай мұрасын ұрпаққа насихаттап, есімін ұлттың жадында мәңгі сақтау үшін қажет екенін айтты, - делінген хабарламада. 

Бұл ұсынысқа Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов және сессияға қатысушы депутаттар қолдау білдірді.  

Айта  кетелік, қазіргі кезде Атырау облысы бойынша  5 мектеп пен 28 көше ұлы Абайдың есімімен аталады. 







Өзгелердің жаңалығы