Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырауда 8 жасар қыздың мәйіті табылып, 36 жастағы күдікті қамауға алынды

6 Маусым 2025, 15:06
1764
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

5 маусым күні шамамен сағат 12:00-де Құлсары қаласында 2018 жылы туған жасөспірім қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Сағат 21:28 шамасында оның ата-анасы полицияға жүгінген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 маусым күні түнгі сағат 02:19 шамасында баланың мәйіті Құрсай өзегінен табылды.

Баланы өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауға алынды, - делінген Атырау облысы полиция департаментінің ақпаратында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Полиция мұндай ауыр қылмыстар үшін заңда ең қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді.

Қылмыстық істің тергелуі Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы