Атырауда 8-сынып оқушысы жараланды

9-сынып оқушысы үшкір затпен жарақат салған.

 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Кеше 2026, 20:36
Кеше 2026, 20:36
731
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

13 наурыз күні Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысын 9-сынып оқушысы жарақаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқиға орнына жедел түрде жедел-жәрдем мен полиция қызметкерлері барған.

Сондай-ақ, зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. 

Оқиғаны полиция растады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 9-сынып оқушысы үшкір затпен жарақат салған. Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, бала тәрбиесімен тиісінше айналыспаған ата-анасы да жауапкершілікке тартылатын болады.  Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Наверх