Атырауда 3 тонна дизель отыны заңсыз сатылған

10 Қыркүйек 2023, 07:37
568
Бөлісу:
Атырауда 3 тонна дизель отыны заңсыз сатылған

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың қыркүйек айында осындай шаралардың нәтижесінде мұнай өнімдерін заңсыз жолмен сатумен айналысқан 1 жеке тұлға бойынша жалпы саны 3 тонна дизельдік отын анықталып, іс-материалдары әрі қарай шешім шығару үшін әкімшілік сотына жолдануда, - делінген Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының хабарламасында.

Сонымен қатар, алдағы уақытта көлеңкелі экономиканы алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралары жалғастырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы