Бұл туралы Atyrau.Today Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін мобилді телефонға «Еурохаттама» қосымшасын жүктеп, тіркеліп және оқиға материалдарының фото мен бейнесін салу керек. Бағдарламаны қолдану кезінде қиындық туындаса, жүргізушілер жақын жердегі полиция бөлімшесіне жүгіне алады. Олар қосымшаны пайдалану кезінде көмек көрсетеді, - делінген ақпаратта.
Оның мынадай артықшылықтары бар, азаматтарға ұсақ жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін полицияны күту қажеттілігі болмайды. Бұл дегеніміз – жолда көлік кептелісі төмендейді. Жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.