Атырауда 10 жылға бас бостандығынан айырылған шенеунік сот үкіміне шағымданды

24 Шілде 2022, 13:20
1563
Бөлісу:
Атырауда  10 жылға бас бостандығынан айырылған шенеунік сот үкіміне шағымданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші сот отырысы екінші тамызға белгіленді, деп хабарлайды Мой город. 

17 мамырда Атырауда облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровқа қатысты үкім жарияланды. Оларға «Аса ірі көлемде пара алуға оқталу» бабы бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды.

Нұрлан Таубаев кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тимур Басаров та кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-шенеуніктер енді жазасын ең төменгі қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтеуі керек. Сонымен қатар сотталғандарға өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Белгілі болғандай, Нұрлан Таубаев соттың бұл шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсіру туралы шешім қабылдады. Ол облыстық сотқа апелляциялық шағым түсіріп, іс сот өндірісіне қабылданған. Апелляциялық сот отырысы екінші тамызға белгіленген. Нұрлан Таубаев пен Тимур Басаровқа қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы сол күйінде қалдырылды.

Өзгелердің жаңалығы