Атырау: Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

14 Мамыр 2024, 22:15
489
Бөлісу:
Атырау: Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Фото: видеодан кадр

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Мұрат Мурзиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқыны басталған уақыттан бері Құлсары қаласында жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта түрлі вирустарды анықтауға зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тасқын судан барлығы 143 сынама алынды. Оның ішінде 130 сынама теріс нәтиже берді, 13 сынама бойынша мамандар зерттеулер жүргізуде, - деді Мұрат Мурзиев.

 Облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Құлсары қаласында тасқын судан сынамалар күнделікті алынуда.

Өзгелердің жаңалығы