Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Қазпошта" АҚ Атырау облыстық филиалы директоры Алтын Садықова хабарлады.
Төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін, Атырауда 1600 зейнеткерге зейнетақысы үйіне жеткізіліп келген еді.
Кейін елде қалыптасқан ахуалға байланысты, зейнетақыны пошта бөлімшелерінен тікелей алып келген 240 зейнеткерге ара қашықтықты сақтау арқылы үйге жеткізу қызметі ұсынылды.
Бұдан бөлек, дербес шот арқылы зейнетақы алып келген 5 мыңға жуық зейнеткерге банкомат карталары рәсімделіп табысталды, - деп нақтылады Алтын Садықова.
Белгілі болғандай, қазіргі таңда "Қазпошта" АҚ ресми сайты, мобильді қосымша көмегімен бандероль, сәлемдемелерді үйге жеткізу, газет-журналдарға жазылу қызметтерін ұсынып отыр.
Барлық сұрақ бойынша атыраулықтар төмендегі телефон нөмірлері бойынша кеңес алуға болады:
8 (71 22) 36 - 71 - 00
8 (71 22) 36 - 71 - 22
8 (71 22) 36 - 71 - 23