Атырау тұрғындарына 11 күн бойы ыстық су берілмейді

30 Тамыз 2023, 16:44
686
Бөлісу:
Атырау тұрғындарына 11 күн бойы ыстық су берілмейді
Фото: Артём Чурсинов

Атырау қаласының тұрғындары 11 күн бойы ыстық сусыз отырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, ыстық су беруді уақытша тоқтату жөндеу жұмыстарымен байланысты болып отыр.

Атырау қаласында 4-15 қыркүйек аралығында ыстық су беру тоқтатылады. «Атырау жылу жүйелері» АҚ күрделі жөндеу жоспарының кестесіне сәйкес қалада жылу пункттерінен магистральды жылу құбырларымен ыстық су беруді толық тоқтататынын, хабарлайды. Осыған байланысты уақытша туындаған қиындықтар үшін кешірім сұраймыз, -деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.

Мұнайлы шаһарда ыстық су беруді уақытша тоқтату алғаш рет емес. Жаз айларында ыстық су беру бірнеше рет тоқтатылды. Мұның бәрінде де жылу пункттеріндегі жабдықтарды тексеру, күрделі жөндеу себебі алға тартылды.

Өзгелердің жаңалығы