Атырауда туберкулез жұқтырған балалар саны азаймай тұр

25 Сәуір 2019, 22:54
3120
Бөлісу:
Атырауда туберкулез жұқтырған балалар саны азаймай тұр
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Облыста балалар туберкулезі өршіп тұр. 2018 жылы өкпе дертін 1-ден 14 жасқа дейінгі 64 бала жұқтырса, биылғы 4 айдың ішінде 25 бала сырқатқа шалдыққан. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 40 пайызға жоғары. Өкінішке орай, туберкулез жұқтырған жасөспірімдердің көрсеткіші де мәз емес. Мамандар мәліметіне сүйенсек, 15-17 жас аралығындағылардың ауру дерегі алпыс пайызға артқан.

Атырауда туберкулез жұқтырған балалар саны азаймай тұр

«Былтыр 23 жасөспірім алынса, 2018 жылы 34 жасөспірім жаңадан тілкелді. Аудан бойынша Жылыой, Құрманғазы, Индер, Мақат аудандарында туберкулез көп тіркеліп тұр. Әсіресе осы дертке шалдыққан Жылыой ауданы жасөспірімдері»,-дейді Атырау облыстық өкпе аурулар ауруханасының меңгерушісі Алтын Кушумова

Атырауда туберкулез жұқтырған балалар саны азаймай тұр

Туберкулезді көбіне иммунитеті төмен, сондай ақ екпе алмаған балалар жұқтырады. Өкпе құрты ауруын бүлдіршіндерден манту сынамасы арқылы, ал жасөспірімдерден флюрографиялық тексеру нәтижесінде анықтайды. Бұл ауруды анықтаудың тағы бір   тәсілі - қақырық талдауы. «Gen-Xpert аппаратының көмегімен балада аурудың бар-жоғын екі сағатта анықтап береміз», - дейді өкпе аурулары ауруханасының балалар бөлімі меңгерушісі Алтын Кушумова.

Атырауда туберкулез жұқтырған балалар саны азаймай тұр

Ақ халаттылар күдікті топтағы балаларды тікелей бақылауда ұстайтындарын айтады. Бұл дегеніміз - ата-анасы, туыстары осы дертке шалдыққандар. Алайда ата-аналардың ауруларын асқындырып, соның салдарынан балалары да аурухана төсегіне таңылған жәйттер аз болмаған.

«Бұл жұқпалы ауру болғандықтан, науқас балалардың елу пайызы сол туберкул ошағынан жұқтырғандар. Ата-аналар туберкулезбен ауырады, бірақ кеш анықталады. Ересек адамдардың 70-80 пайызы бұл дертті асқындырып келеді. Оған дейін баларына жұқтырады.Сол себепті балалар бізге ауырып келіп жатыр»,-дейді дейді өкпе аурулары ауруханасының балалар бөлімі меңгерушісі Алтын Кушумова.

Дәрігерлер сөзінше, бұл аурудың алдын алудың тиімді жолы - балалардың уақытылы екпе алуларын қадағалау. Туберкулезге әр адам тосқауыл қоя алатынын айтқан олар гигиеналық тазалық пен салауаттылықтың да маңыздылығын мойындайды.

Өзгелердің жаңалығы