Атырау облысы Сарайшық ауылында өр суының қатты ағыспен келуі салдарынан, елді мекеннен 2 шақырымдай қашықтықта орналасқан мазарға су кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық ТЖ жөніндегі жедел штаб таратқан мәліметке сәйкес, өр суы зират сыртынан соғылған балдан өтіп кеткен. Сондықтан балды қосымша бекіту жұмыстары жүруде.
Оқиға орнында 14 камаз, 3 шахман, 1 гидромек техникасы бар. 20 сарбазды қоса алғанда, бөгет соғуға 50 адам қатысып жатыр.