Атырау қаласының әкімі ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысына қатысты

Атырау қаласының әкімі ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 19 Сәуір 2024 2024, 20:42
19 Сәуір 2024 2024, 20:42
726
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау қаласының әкімі ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖ жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Ақпарат шындыққа жанаспайды, Атырау қаласының әкімі жедел штабтың отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады.

ТЖ режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін тағы да еске саламыз. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеумен айналысуда, - делінген хабарламада.

Наверх