Атырау қаласы аумағындағы Жайық жағалауын бекіту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖ жөніндегі жедел штаб.
Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкингің мәліметінше, қазіргі уақытта бөгеттердің осал тұстары мен қауіпті деген аймақтарды назарға алып, жағалаулар нығайтылуда.
Жұмыс барысы толық бақылауымызда. Бөгет бекіту жұмыстары кезінде бір күнде 9 мың қала тұрғындары еріктілер қатарына қосылды. Мен осы жұмыстарға ат салысқан қала тұрғындары мен еріктілерге, әскерилерге, мемлекеттік қызметкерлерге алғысымды айтамын, - деді қала басшысы.
Айта кетейік, жағалауды бекіту жұмыстарын тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген. Бүгінгі күні жоспар бойынша соғылуы тиіс 250,8 шақырым бөгеттің 229,6 шақырымы аяқталды. Құрылыс жұмыстарына 822 арнайы техника жұмылдырылып отыр.