Атырау полицейлері бір аптада 1 млн теңгеден астам айыппұл салды

18 Тамыз 2020, 06:24
1421
Бөлісу:
Атырау полицейлері бір аптада 1 млн  теңгеден астам айыппұл салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы аумағында қоршаған ортаның экологиялық жағдайын қорғауға бағытталған бір айлық "Таза Қазақстан" шарасы өтіп жатыр. Шара аясында тек бір аптада полицейлер экологиялық құқық бұзушыларға алты жүзге жуық хаттама бойынша 1 млн 242 680 теңге айыппұл салды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлады.

Мұның ішінде, экологиялық әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 106 құжат рәсімделіп, 263 910 теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл жағалауларда ішімдік ішкен немесе мас күйінде жүргендер, жасыл желектерді жұлып, бүлдірген, белгіленбеген орындарда балық аулаған, темекі, қоқыс қалдықтарын тастаған тұрғындарға қатысты қолданылған шаралар. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген жерлерде суға түскен 247 адам анықталған.

Полицейлер  құзырлы  мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп  өзендер мен көл жағажайларын, демалыс аумақтарын, тоғайларды  қатаң бақылауда. Әсіресе, адамдар көп жиналатын  Жайық өзенінің жағалауы, Индер ауданындағы Тұздыкөл жағалауы, Жылыой ауданындағы Қамыскөл  жағалауы мен демалыс аймақтарына рейдтік шаралар ұйымдастырылуда, – деп хабарлайды Атырау полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

 

Өзгелердің жаңалығы