Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала шетінде орналасқан Зарослый ауылының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оның мекенжайын тексеру барысында есірткі табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі – жалпы салмағы 5 кг 30 гр «марихуана» болып табылады.
Қазіргі таңда бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Жалпы «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы Атырау облысының полицейлері заңсыз айналымнан 20 кг астам есірткі тәркіледі.