Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Құрманғазы ауылының Құрылысшы шағын ауданынан Болашақ шағын ауданына тікелей шығатын 2 автокөлік көпірі салынады. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Нұртаев айтты, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Қайрат Нұртаевтың айтуынша, «Бұзаусылан», «Шортанбай – Жыланды» жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады.Сонымен қатар Хиуаз, Орлы ауылдарына кірме және ішкі жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
Атап өту керек, Азғыр өңіріндегі әлеуметтік сала нысандары толықтай және тұрғындардың 50 %-ы газға қосылды. Табиғи газбен қамтылу 98%, яғни 49 елді мекеннің 48-і қамтылды.