Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Махамбет ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2 213 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали Ахметов мәлімдеді.
Жұмыспен қамтылғандардың ішінде 1 090 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 38 адам әлеуметтік жұмысқа, жетпіс жас жастар практикасына, 720 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, 96 адам тегін қысқа мерзімді оқуға, отыз жас кәсіптік білім алуға жолданды, - деді аудан әкімі.
Бұдан бөлек, Жәрдемғали Ахметов жыл басынан бері 122 отбасының 719 адамына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленгенін айтты.