Атырау облысында Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асып кетті

6 Мамыр 2024, 22:26
3904
Бөлісу:
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейден асып кетті
Фото: Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 2024 жылы 6 мамырда Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша сағат 20.00-дегі соңғы мәліметті ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы тәуліктегі Жайық өзеніндегі су деңгейіне қатысты өзгеріс:

  • Индербор ауылы: + 16 см, су деңгейі - 900 см, қауіпті деңгейі - 845 см;
  • Махамбет ауылы: + 7 см, су деңгейі - 868 см, қауіпті деңгейі - 850 см;
  • Атырау қаласы: + 5 см, су деңгейі - 501 см, қауіпті деңгейі - 550 см.
  • Жаңаталап ауылы: + 4 см, су деңгейі - 360 см, қауіпті деңгейі - 500 см;
  • Еркінқала ауылы: + 4 см, су деңгейі - 320 см, қауіпті деңгейі - 450 см.
Өзгелердің жаңалығы