Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі шөбін заңсыз сақтағаны үшін осы ауданның 46 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйінен 1 келіге жуық марихуана шөбі табылды, деп хабарлады «Ақ Жайық» газеті.
Бұл деректі полиция «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен («Ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын қарап тексеру кезінде 1 келіге жуық марихуана шөбі тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, өзі пайдалану үшін сақтағанын айтты, - деп хабарлады полиция.
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.