Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырау облысында тәрбиеші мүмкіндігі шектеулі баланы ұрған

24 Қазан 2025, 16:52
618
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің өз қамқорлығындағы баланы ұрып жатқан сәті түсірілген видео тарағаннан кейін Атырау облысында қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бейнежазбада әлеуметтік орталықтың қызметкері баланы дөрекі түрде ұстап, кейін оның басынан соққы бергені анық көрінеді.

Полицияның мәліметінше, оқиға 2024 жылы болған, алайда бұл жайт туралы жақында ғана белгілі болған.

Мүмкіндігі шектеулі, II топтағы балаға қатысты тәрбиешінің күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Куәгерлер мен оқиғаға қатысы бар тұлғалардан жауап алынуда, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазір тергеу құқық қорғау органдарының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы