Атырау облысында тағы шенеунік ұсталды

16 Ақпан 2022, 15:33
1078
Бөлісу:
Атырау облысында тағы шенеунік ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы мониторингі агенттігі облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудиннің ұсталғанын ресми түрде растады, деп хабарлады «Ақ Жайық».

Бүгін, 16 ақпанда Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі әлеуметтік объектілердің құрылысына бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқыру дерегімен Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті облыстық құрылыс басқармасының лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын ресми түрде хабарлады. Әңгіме мектеп, екі отбасылық дәрігерлік амбулатория және дене шынықтыру-сауықтыру кешені туралы болып отыр.

ЖШС басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Осы қылмыстық іс шеңберінде Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары (қазіргі таңда Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары – ред. ескертпесі) ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Нұрқуат Нудин 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурыз айына дейін облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы