Атырау облысында су айдау жұмыстары аяқталды

Атырау облысында тасқын суларын айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скрин 27 Мамыр 2024 2024, 22:26
27 Мамыр 2024 2024, 22:26
813
Фото: скрин

Атырау облысында тасқын суларын айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, 22 мамыр күні Жалғансай ауылының кіреберіс автожолында салынған бөгет бұзылған болатын. Нәтижесінде су елді мекенге қарай тарады. Сумен шайылған бөгет толығымен қалпына келтірілді.

Бүгін тасқын суларын айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды, жалпы саны 527 332 текше метр су сорылды. Ұзындығы 7 км. бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта бөгетті қосымша нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Наверх