Атырау облысында қамыс өрті оқшауланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеттері мен уақтылы қабылданған шараларының нәтижесінде 12 шілде сағат 16:30-да Атырау облысында болған қамыс өсімдіктерінің өрті оқшауланды. «Ақжайық» МТР ақпараты бойынша өрттің жалпы болжамды ауданы 850 гектар болды, - делінген ресми хабарламада.