Атырау облысында педагогтар тапшы

16 Ақпан 2022, 09:10
2148
Бөлісу:
Атырау облысында педагогтар тапшы

 Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында мұғалімнің тапшылығынан зейнеттегі ұстаздар жұмысқа шығып жатыр. Аймақта мектептер көбейіп, кадр тапшы. Қазір облыста 200-ден астам білім беру ошағы бар. Онда 137 мыңнан астам оқушы білім алады. 

 2025 жылға дейін Атырау өңірінде 48-ге жуық жаңа мектеп  салынады. Биылғы жаңа оқуы жылында 10 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл 2023 жылға дейін аймақтағы үш ауысымды оқуды толықтай шешеді. Қазіргі таңда облыста педагог мамандар жетіспейді. Соның ішінде  қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті пәні, орыс сыныптарындағы  физика, биология, химия пәндері мұғалімдері тапшы. Қазір осы пәндер бойынша зейнеткер ұстаздар жұмыс жасап жатыр. Өңірдегі 12 мыңнан астам мұғалімнің 250-ге жуығы зейнет жасында. Биыл жаңа мамандар келсе орны толады деп отырмыз,-деді Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

 Атырау облысында 200-ден астам білім беру ошағы бар. Оған  413 педагог жетпейді екен. Білім басқармасындағылар бұл мәселе бойынша министрлік кадр тапшылығын шешуге арнайы бағдарлама жасап жатқанын айтады. Көрші облыстардан да мұғалімдер шақыру жоспарда бар. Ол үшін тұрғын үй мен еңбекақы мәселесін шешіп алмақ.

Сондай-ақ, облыста биыл 6 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді. 

Қаңтар айындағы ұлттық бірыңғай тестілеу емтиханы штаттық режимде өтіп жатыр. Бұл Атырау қаласы және Құлсары қаласындағы тестілеу орталықтарында тапсыруда. Соңғы мониторинг бойынша  Атырау қаласы бойынша 2273 бала және Құлсары қаласы бойынша 560 түлектеріміз тапсырды. Өзіміздің жасаған қорытындымыз бойынша бұл тапсырған баланың 50 пайызы шектік ұпайды жинап отыр. Алдағы наурыз, маусым айларындағы сынақтарда оқушыларыыз жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз. Гранттарға да ие болуына тілекшіміз. Өйткені, биыл Президет Қасым-Жомарт Тоқаев халық тығыз орналасқан аймақтарға гранттарды көбірек бөлуді тапсырды. Оған қоса Атырау облысында мемлекеттік гранттардан бөлек жергілікті атқарушы органдар қажетті мамандықтарға қосымша бөледі,- деді Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

 Сонымен қатар Атырау облысында осыдан екі жыл бұрын Таланттарды анықтау және қолдау орталығы құрылған. Қазір бұл орталықтың жұмысы өңірдегі білім сапасына оң әсер етіп жатыр екен. 

Балалар жылына орай білім беру басқармасымен іс-шаралар жоспары жасақталып, жұмыс басталып та кетті. Бұл жобалардан  шалғай елді-мекендегі балалар да қалыс қалмайды. Талантты, дарынды балаларға жол ашылады деп есептейміз. Жуықта «Зерделі бала» жобасы іске қосылмақ. Қазіргі таңда бұл орталыққа білікті мұғалімдер тартылды.  Сондай-ақ, облыс бойынша 25 тірек мектептер базасында өткізілетін олимпиадаға   5159 оқушыны қатыстыруға сұраныс түсті. Жалпы жобамыз өте көп»,- дейді Атырау облысы білім беру басқармасының  “Таланттарды анықтау және қолдау орталығы,- деді  директор  Руслан Сарбалин.

Өзгелердің жаңалығы