Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 шілдеде Атырау қаласында түтін иісінің анықталуына байланысты, өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін "Қазавиақұтқару"АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.
Жүргізілген әуеден барлау нәтижесінде, жану аумағы шамамен 5 га аумақты құрайтын 5 жану ошағы анықталды. Қамыс өртін сөндіруге 55 қызметкер, 13 техника, 2 мотопомпа және «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.