Атырау облысында коронавирустан 902 адам жазылып шықты

15 Тамыз 2020, 22:16
1261
Бөлісу:
Атырау облысында коронавирустан 902 адам жазылып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда өткен тəулікте 902 адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.  

Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Осылайша, Атырауда коронавирус індетінен жазылып шыққандар 89,8 пайызға жетті, - делінген басқарма баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұл жерде коронавирус инфекциясының симптомды, симптомсыз түрімен сырқаттанған науқастардың арасында емделіп шыққандардың барлығы есепке алынып отыр. Жалпы, ел бойынша өткен тәулікте 2083 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 

Аймақтар бойынша тізбектесек, Атыраудан кейін емделіп шыққандардың жоғарғы көрсеткішін Алматы қаласы көрсетіп отыр. Бұл қалада коронавирустан сауығып шыққандар саны 659 адамға жетті. Ақмола облысында 156 адам қатерлі инфекцияны жеңіп шықты.



Өзгелердің жаңалығы