Атырау облысында кәсіпкер әйелдердің үлесі жылдан-жылға артып келеді

15 Шілде 2022, 16:02
1128
Бөлісу:
Атырау облысында кәсіпкер әйелдердің үлесі жылдан-жылға артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Рахмет Жаңбыров Қазақстанның батыс облыстарының өңірлік форумында айтты.

 «Әйел-қырық шырақты» дейді халқымыз. Отбасының берекесін ұйытып, бала өсіріп, жар күтетін әйел – ел экономикасына үлес қосу бағытындағы ауқымды жұмыстарда да өте белсенді. Әсіресе кәсіпкерлік жұмыстарында бақтары мен іскерлігін ұштауда қыз-келіншектер тартынып жатқан жоқ. Бұған мысал – Атырау өңірінде 3 мың астам ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік субъектілері тіркелген болса, оның ішінде әйелдер еншісінде болуы, - деді Жаңбыров. 

Ол атағандай, ал мемлекет тарапынан болса оларға бизнес әліппесін үйрету, қаржылық қолдау көрсету бо­йын­ша әр түрлі бағдарламалар арқылы көмектер көрсетіп келеді.

2021 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы жалпы сомасы 1 млр 912 млн теңге көлемінде  ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру арқылы қаржыландырды, оның ішінде 10% жуығы әйелдердің қатысуымен жүзеге асып жатқан жобалар. Олар­дың қатарында шаруа қо­жа­лық­тарының, өнді­рістік кәсіп­орындардың басшылары мен жеке кәсіпкерлер бар, - деді ол. 

 Жаңбыров атағандай, Атырау облысының бизнес саласында кәсіпкер әйелдердің үлес салмағы жылдан-жылға артып келеді. 

Қыз-келіншектер еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамытуға белсенді атсалысып келеді. Бүгінде олардың шағын және орта кәсіпкерліктегі үлесі ер-азаматтармен теңесті. Жеке кәсіп ашқан әйелдер жаңа жұмыс орындарын ашуға, отбасылық кәсіпкерлікті қалыптастыруға септіктерін тигізуде. Әрі отбасының ұйытқысы. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ұлт болам десең, бесігіңді түзе» дегені де сол бесікті тербететін әйелдер рөлімен тікелей байланысты. Қай қоғамда болсын әйелдің арқалаған жүгі жеңіл болған емес. Оларға әрдайым қолдау қажет. Өз тарапымыздан кез келген оң бастамаларыңызды қолдауға әзірміз, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы