Атырау облысында карантин жеңілдетілді

8 Наурыз 2021, 11:35
2169
Бөлісу:
Атырау облысында карантин жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Атырау облысында карантин жеңілдетілді. Сауда және ойын-сауық орталықтары мен базарларға уақыт шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бұл туралы Бұл туралы Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдиниет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды сақтау; - білім беру шараларын өткізу; - балаларға арналған түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балаларға арналған курстардың (15 адамнан аспайтын топтар) алдын ала жазылу бойынша штаттық режимдегі қызметі; 

- сауда үйлері мен СОО (павильондар, дүңгіршектер), сауда желілері, азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын жабық және ашық базарлардың штаттық режимдегі жұмысы, нысан сыйымдылығынан 30%-дан аспайтын көлемде, бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты, маска режимін және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып; -СПА-орталықтардың, бассейндердің жұмысы сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін. 

- 2021 жылғы 9 наурыздан бастап, аралас форматта жалпы білім беретін мектептерде – мектепалды сынып оқушылары мен 1-5-сыныптарды қоса алғанда, халықаралық мектептерде – 1-7 сыныптарды қоса алғанда, сыныптардағы бала санын 25 адамнан асырмай оқытуға рұқсат беріледі. - білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімімен сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту. 

Қаулыға сәйкес, бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық мәдени-бұқаралық шараларды, көрермендермен спорттық шараларды, көрмелерді, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды және отбасылық шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де шараларды өткізуге тыйым салынады.



Өзгелердің жаңалығы