Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырау облысында енесін өлтірді деген күдікпен келіні ұсталды

30 Мамыр 2025, 15:45
1905
Бөлісу:
 жасанды интеллект
VIDEO
Фото: жасанды интеллект

Атырау облысында енесін өлтірді деген күдікпен келіні ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылында болған. Белгілі болғандай, жанжалдан кейін 82 жастағы әйел көз жұмған. Осы жағдайға байланысты қылмысқа қатысы бар деген күдікпен оның 39 жастағы келіні ұсталды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылында тіркелген, 1942 жылы туған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысқа күдікті ретінде 1986 жылы туған азаматша қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы