Атырау облысында биыл өрт оқиғасы азайған

31 Қазан 2019, 23:47
2105
Бөлісу:
Атырау облысында биыл өрт оқиғасы азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында ағымдағы жылы 195 өрт орын алып, толықтай ауыздықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.  

Тынымсыз жұмыстың арқасында былтырғы жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы өрттің саны едәуір азайып отыр.  2018 жылы 243 өрт оқиғасы орын алса, биыл жыл басынан бері 195 өрт оқиғасы тіркелген. Соның ішінде 53 адам құтқарылып, 390  адам қауіпсіз жерге көшірілді.  

№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы Ерлан Рақмашовтың айтуынша, тұрғындардың арасында жиі жүргізілген түсіндірме жұмыстарының арқасында осындай нәтижеге қол жеткізілген. 
Облыс аумағында 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бар. Барлығы да соңғы үлгідегі өрт сөндіру техникаларымен жабдықталған. Қазіргі таңда өрт сөндіру бойынша техникалардың бәрі сақадай сай дайын. Сонымен қатар, көпшілік адам көп жиналатын жерлерде, яғни, сауда орындарда, базарларда жеке құраммен өрт тактикалық жаттығуларымыз күнделікті өткізіліп тұрады,- дейді Ерлан Рақмашов. 
Айта кетейік, Атырау облысы бойынша бүгінде өрт сөндіру бөлімдерінде 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді.
Өзгелердің жаңалығы