Атырау облысында білім ордаларындағы асханалардың қызметіне рұқсат етілді

10 Ақпан 2021, 19:38
1742
Бөлісу:
Атырау облысында білім ордаларындағы асханалардың қызметіне рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 60%-ы қашықтан жұмыс істеуге ауысты. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәгігерінің қаулысында айтылған. 

Сонымен қатар ХҚКО сенбі күні 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмысына рұқсат берілді. Білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етілді.

Сауда үйлері мен сауда орталықтары, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақыты 09.00-ден 20.00-ге дейін ұзартылды.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 08.00-ден 24.00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатып, 50% дейін толтырылуымен жұмыс жасауға рұқсат етілді.

Сауналар, СПА орталықтары, бассейндердің сенбі күні 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді.
Өзгелердің жаңалығы