Атырау облысында батпаққа батқан көліктегі 5 адам құтқарылды

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 05:18
Бүгiн 2026, 05:18
179
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Атырау облысы Жылыой ауданында құтқарушылар батпаққа батып қалған жеңіл көліктегі жолаушыларға көмек көрсетті. Оқиға Ембі ауылынан 20 шақырым жерде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, көлікте болған 5 адамды эвакуациялап, Құлсары қаласына жеткізді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.

Құтқарушылар күннің жылынуы мен қардың еруіне байланысты дала жолдары мен жол жиектерінің жүруге қауіпті бола бастағанын ескертеді. Осыған байланысты жүргізушілерге бағытты алдын ала жоспарлап, күмәнді жол учаскелерінен аулақ болу ұсынылады.

Наверх