Атырау облысында 9 айда 231 адам туберкулез дертін жұқтырған

8 Қараша 2024, 07:16
246
Бөлісу:
Атырау облысында 9 айда 231 адам туберкулез дертін жұқтырған
Фото: архив

Атырау облысында 9 айда 231 адам туберкулез дертін жұқтырған. Қан түкіретін науқастар саны өткен жылғы көрсеткіштен 15 адамға ғана азайған, деп хабарлайды BAQ.KZ Astana арнасына сілтеме жасап.

Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының статистик дәрігері Алмас Құмаровтың дерегіне қарағанда, жыл басынан бері туберкулездің таралу көрсеткіші 7,6%.

Атырау облысында былтырғы 9 айда туберкулезбен ауырған 246 адам анықталған еді. Ал, биыл осы дертті жұқтырған 231 науқас тіркелді. Өлім көрсеткіші де өткен жылмен салыстырғанда 18,6 пайызға төмендеді. Жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында 4 679 адам диаскинтесттен өткізілді. Оның ішінде 2 256 бала мен 310 жасөспірім бар. Ересек жандардың саны – 2113 адам, - деп хабарлады дәрігер Алмас Құмаров.

Оның мәліметінше, бұрын ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған 1 430 адам тексерілген. Өкпесі ауыратын науқастармен байланыс орнатқандардың арасында 73 бала, 650 жасөспірім, 707 ересек адам болған. Сондай-ақ, қауіп-қатер тобына жататын 3 мыңға жуық адам бақылаудан өткен.

Өзгелердің жаңалығы