Бұл туралы Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 қыркүйекке дейін екі білім беру нысанын аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар бізде мектептердің кешенді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілуіне байланысты мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде 8 мектепте бейнебақылау жүйесі страндартқа сәйкес келмейтіні және 5 мектепте бейнебақылау жүйесі толық мектеп периметрін қамтымайтыны анықталды. Жалпы алдағы уақытта да мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын бақылауды жалғастырамыз, - деді Б.Таишев.