Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында кезекші сыныпқа 21 мың 637 оқушы барады. Пандемия жағдайына байланысты сынып ішілік қауіпсіздік шаралары қатаң түрде сақталады. Бұл туралы облыс əкімі Махамбет Досмұхамбетов брифингте айтты, деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.
Бүгінде мектептер залалсыздандыру құрал-жабдықтарымен толық қамтылған.
Үнемделген қаражатқа тепловизорлар алынып жатыр. Сондай-ақ, шалғай 17 елді мекеннің бастауыш сынып оқушылары көлік тасымалымен қамтамасыз етіледі, - деді брифинг барысында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.