Атырау облысында бұл жобалар арқылы 62 адам жұмыспен қамтылатын болады. Соңғы екі жылда ауданда 31 инвестициялық жоба іске асырылды. Жалпы инвестиция көлемі 3,2 млрд теңгені құраса, үш жобасы Ұлттық пулға енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Индер ауданы әкімінің орынбасары Артур Мурзиннің сөзінше, 2025 жылы Индер ауданына 36 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспар 16% артығымен орындалды. Инвестиция өсімі 25 пайызды құрады. Жыл ішінде 18 жоба іске қосылып, 42 жұмыс орны ашылды. Ауданда 2 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істеп, онда 3 мыңнан артық адам еңбек етеді. Бюджетке түскен салық көлемі 2,1 млрд теңгені құрап, 13,4 пайыз артты.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 7,9% өсіп, жалпы өнім 13,4 млрд теңгені құрады. Ауданда 1400 гектарға жуық жерге егін егіліп, су үнемдеу технологиялары қолданылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары тұрақты бақылауда болып, 54 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Бүгінде Индер ауданында 455 шаруа қожалығы тіркелген. Мал саны 138 мыңнан асып, 7,9% өсім көрсетті. Асыл тұқымды мал үлесі — 2,1 пайыз. Мал азығы қоры толық қамтамасыз етілген. Балық шаруашылығы аясында 6 гектарда 15 мың балық шабағы өсірілуде.