Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырау облысында 12 жасар баланы қағып өлтірген автобус жүргізушісіне үкім шықты

22 Қазан 2025, 18:02
1054
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Атырау облысының Жылыой аудандық соты кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2025 жылғы 7 шілдеде Құлсары қаласында автобус жүргізушісі жол жиегіндегі белгіні елемей, кәмелетке толмаған бала басқарған мотоциклмен соқтығысқан. Соның салдарынан жасөспірім ауыр жарақат алып, есін жимастан ауруханада көз жұмған.

Сотталушы ҚК-тің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп жазылған Жылыой аудандық сотының хабарламасында. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өзгелердің жаңалығы