Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырау облысында 11 мәдени нысан құрылысы жүріп жатыр

31 Мамыр 2025, 14:14
512
Бөлісу:

Атырау облысында қазір 2 емхана, 2 дәрігерлік амбулатория және жедел жәрдем мен радиологиялық корпус орталығының құрылысы жүріп жатыр. Мүгедектерге арналған оңалту орталығының жұмысы да қарқынды. Бұл туралы Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әрқайсысы 250 орындық екі емхана Нұрсая мен Өркен ықшам аудандарында салынып жатыр. Ал 25 орындық дәрігерлік амбулатория Береке шағын ауданы мен Алмалы ауылында бой көтереді.  

Жалпы облыс көлемінде қазір әр сала бойынша құрылыс нысандарының жұмысы жүріп жатыр. Мәселен 2024 жылы өңірде 1250 орындық 6 балабақшаның құрылысы жүргізіліп, соның бірі яғни Бесікті ауылындағы 250 орындық бөбекжай қолданысқа берілді. Қалған 5 нысан жұмысы жалғасып жатыр. 

Одан өзге, 940 орындық 5 балабақшаның жобалық сметалық құжаты жасақталған. Олар Атырау қаласы Жаңаталап ауылындағы 280 орындық балабақша, Жұлдыз -2 ықшам ауданындағы 280 орындық балабақша, Ақсай ауылында 280 орындық балабақша, Индер ауданы Ынтымақ және Құрылыс ауылдарында әр қайсы 50 орындық балабақша.

Сондай-ақ 3190 орындық 14 балабақша құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Олар Индер ауданы Көктоғай ауылындағы 90 орындық балабақша, Махамбет ауданы Алға ауылындағы 280 орындық балабақша, Атырау қаласы Томарлы ауылына салу көзделген 280 орындық балабақша, Береке ауылына қажет 280 орындық балбақша , Геолог ауылындағы 160 орындық балабақша, Балықшы мөлтек ауданындағы 160 орындық балабақша, Куншуақ №7 160 орындық балабақша, №1 Жаңа м/а 280 орындық балабақша, №2 Жаңа м/а 280 орындық балабақша, Құлсары қаласы Болашақ м/а 280 орындық балабақша, Мақат кентіде  №48 көшесі 160 орындық балабақша, Мақат кенті Мұнайшы көшесінде 160 орындық балабақша, Махамбет ауданы Ақжайық ауылы 160 орындық балабақша, Исатай ауданы Исатай ауылы 100 орындық балабақша,-дейді Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов. 

Білім ордаларының құрылысы мұнымен шектелмейді. 2024 жылы 1200 орындық 2 мектеп аяқталып, пайдалануға берілді. Ал биыл Исатай ауданы Аққыстау ауылында 250 орындық өнер мектебінің құрылысы аяқталып, қолданысқа тапсырылды. 

Сондай-ақ 7 мектеп, 2 колледж  жатақханасымен қоса алғанда, 2 жатақхана (АГУ университеті жатақханасы және АГРО колледж жатақханасы), 2 лагерь құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 7 800 орындық 9 жайлы мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде биыл жылы 3 мектеп пайдалануға берілді.  

Қалған 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 3 мектепті пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр (Жұлдыз-3 ы/а, Жұлдыз-2 ы/а, ы/а, Ақсай -2 ы/а). Қалған 3 мектепті (Құрманғазы ауылы, Аккөл ауылы Құлсары қаласы) жыл аяғына дейін тапсырылады.

Ал денсаулық сақтау саласы бойынша 2024 жылы облыста 8 нысан құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Оның ішінде Дамба және Жұлдыз ықшам аудандарындағы дәрігерлік амбулатория, Құрманғазы ауданы Балқұдық және Сүйіндік ауылдарындағы медициналық нысан, Жылыой ауданы Қарағай ауылындағы медициналық пункт, Махамбет ауданы Аққайың ауылындағы медициналық пункт, Исатай  ауданы Аққыстау селосы Өркен ықшам ауданындағы ФАП, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылындағы отбасылық дәрігерлік амбулатория  бар,-дейді Н.Мәлікұлы. 

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы аясында 15 нысан құрылысы басталды. Оның ішінде 10 нысан қабылданыпты, қалған 2 нысанның қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. 3 нысанның жоспарға сәйкес ауыспалы түрде құрылысы жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, 3 нысан құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Тұрғын үй бойынша айтсақ,  «Қазақстан халқына» Қоры мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен Көктемгі су тасқыны салдарын жою бойынша іс-шараның бірі – Құлсары қаласынан 100 тұрғын үй құрылысы салынып, былтыр 9 қыркүйек күні кілттері халыққа табысталған болатын.

Бұдан бөлек  2024 жылы барлық қаржыландыру көзінен 750,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланды.  Жылдың қорытындысымен   751, 334  мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биылғы жылы 753,902 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ірі мұнай компаниясы арқылы әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы шеңберінде Махамбет ауданы Махамбет селосында, Исатай ауданы Аққыстау селосында, Қызылқоға ауданы Миялы селосында, Құрманғазы ауданы Кадырка селосында, Мақат ауданы Доссор кентінде 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы  басталған болатын.  Биыл Қызылқоға ауданы Миялы селосындағы тұрғын үйдің  құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді,-деді Н.Құсайынов.

Мәдениет саласы бойынша да аймақта бірқатар ғимарат бой көтерді. 2024 жылы  Жылыой ауданы Тұрғызба ауылындағы 200 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Биыл Махамбет ауданындағы Сарытоғай ауылында 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне тапсырылыпты. 

Қазір облыста 11 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. Ашып айтсақ Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылында 400 орындық мәдениет үйі, Қарабау ауылында 300 орындық мәдениет үйі, Миялы ауылында 500 орындық мәдениет үйі, Дина Нүрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық-аспаптар оркестрін реконструкциялау,  Құрманғазы ауданының Котяевка ауылында 300 орынға арналған мәдениет үйі, Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында 300 орынға арналған мәдениет үйі, Құрманғазы ауданы Бірлік ауылында 300 орынға арналған мәдениет үйі, Құрманғазы ауданы Г.Алипов ауылында 100 орындық мәдениет үйі, Құрманғазы ауданы Асан ауылында 100 орындық мәдениет үйі, Исатай ауданы Нарын ауылында 300 орындық мәдениет үйі, Жаңа Қаратон кентіне 300 орынға арналған мәдениет үйінің құрылыстары бар. Сонымен қатар, 3 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып жатыр. Ал Атырау қаласының өзінде үлкен саябақ салынып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы