Атырау облысы Ұлттық қорға 1,6 трлн теңге аударды

16 Маусым 2023, 12:44
870
Бөлісу:
Атырау облысы Ұлттық қорға 1,6 трлн теңге аударды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Атырау облысы Ұлттық қорға 1,6 трлн теңге аударды. Бұл туралы Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылы жалпы өңірлік өнім 14,1 трлн теңгені, нақты көлем индексі 101,6%-ды құрады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыс экономикасының үлесі 13,7%-ды құрап отыр. Ал жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 20,5 млн теңге, - деді әкім.

Сонымен қатар айтуынша, жыл басынан бері салықтық және басқа да міндетті түсімдер 2,6 трлн теңге болды. Оның ішінде мемлекеттік бюджетке 1 трлн теңге көлемінде, Ұлттық қорға 1,6 трлн теңге аударылды.

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында өңірдегі өнеркәсiп өнiмiнің көлемi өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға өсіп, 4,6 трлн теңгені құрап отыр. Оның ішінде 4,3 трлн теңгесі тау-кен өнеркәсiбiне тиесілі. Ал өңдеу өнеркәсібі 290,5 млрд теңгеге дейін өсті, - деп атап өтті ол.

Облыс әкімі атап өткендей, соңғы бес айда 22,4 млн тонна мұнай, 11,5 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндiрілді. Шәпкенов жалпы республикамыздың барлық өнеркәсібінің 24,5%-ы Атырау облысына тиесілі екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы