Қазіргі уақытта Құлсары қаласының алты ықшамауданын қарғын су басты. Ал қалған елді мекендердің тұрғындары мүмкіндігінше тасқынның алдын алып, уақытпен санаспай еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Түнгі сағат 22:20, Құлсарының Береке ықшамауданының тұрғындары жаға бекітіп, бөгет тұрғызып жатыр. Айтуларынша, Құр Жем өзені арнасынан асып, бір сағатта 30 см-ге жылжып келеді. 3 шақырым бөгет соғылып, 1000-нан астам қапшыққа құм салынды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жұмыстарға 50 тұрғын мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.