Атырау облысы аудандарында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда

4 Желтоқсан 2019, 02:30
7769
Бөлісу:
Атырау облысы аудандарында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы Атырау облысы Мақат ауданында 4 мемлекеттік бағдарлама бойынша 38 кәсіпкердің жобасы мақұлданды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады. 

Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин хабарлағандай, бүгінге дейін ауданда 1400-ге жуық шағын бизнес субьектілері тіркелген.  Бұл көрсеткіш  ауданда бизнес нысандарының  көбейіп, кәсіпкерлік саласының  қарқынды дамып келе жатқандығының нәтижесі.
Ағымдағы  жылдың қаңтар-қазан айында аудан бойынша 7 шағын бизнес нысаны ашылды. Яғни, Мақат пен Доссор кенттерінен кафе, шайхана мен дүкендер, автотұрақ және техникалық қызмет көрсету кешені іске қосылды, - дейді аудан әкімі Шәкір Кейкин.

Айта кетейік, биылғы жылы Мақат ауданында жалпы саны 63 млрд. 73 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкесті мерзімімен салыстырғанда 312,8 пайызға өскен.
Өзгелердің жаңалығы