Атырау облысы әкімінің орынбасары 2 айға қамалды

14 Қыркүйек 2020, 15:28
2098
Бөлісу:
Атырау облысы әкімінің орынбасары 2 айға қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот 10 қыркүйекте ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық Құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Олар тергеу абақтысына қамалды. 

«Ақ жайық» газеті хабарлағандай, қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тармағы (Қылмыстық топ жасаған, сондай-ақ аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша тергелуде.

Егер олардың кінәсі дәлелденсе, онда параның 80 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеу немесе мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы беріледі.

Естеріңізге салсақ, 10 қыркүйекте Таубаев пен Басаров 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған еді. 

Айта кету керек, дәл осы күні Таубаев Түркістанға іссапармен ұшуы керек болатын. 


Өзгелердің жаңалығы