Атырау облысы әкімінің екі орынбасары қызметтерінен айырылды

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз орталығы облыс әкімі орынбасарларының штаттық орындары қысқартылды деп хабарлады.</p>

22 Шілде 2022 2022, 10:36
АВТОР
 22 Шілде 2022 2022, 10:36
22 Шілде 2022 2022, 10:36
2100

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз орталығы облыс әкімі орынбасарларының штаттық орындары қысқартылды деп хабарлады.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру туралы Мемлекет басшысының 2022 жылының 16-наурызындағы Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында Атырау облысы әкімі орынбасарларының шекті саны 2 адамға қысқартылды, - делінген хабарламада. 

Осыған байланысты облыс әкімінің екі орынбасары С.Айдарбеков пен Н.Таушовтың штаттық орны қысқартылды.

Наверх