Атырау облыстық перзентханасының дәрігерлері президентке хат жазды

11 Қазан 2019, 10:35
5104
Бөлісу:
Атырау облыстық перзентханасының дәрігерлері президентке хат жазды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өз еріктерімен жұмыстан кетуге арызданған Атырау облыстық перинаталдық  орталығының 31 қызметкері әзірге штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. Алайда, дәрігерлер өз арыздарын кері алмаған. Бұл туралы azh.kz сайты хабарлады.

"ҚР Еңбек кодексінің 56-бабына, оның ішінде "Жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы" деген бөліміне сүйене отырып арыз жазды. Олар өз ойларынан қайтқан жоқ", - деп хабарлады перинаталды орталықтың баспасөз қызметінде. 

Оның үстіне бұл мерзім жұмыс берушінің арызға қол қойған күнінен бастап емес, қызметкердің арызды берген күнінен бастап есептеледі. 

Облыстық перинаталды орталықтың баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, бұл жерде 400-ден аса адам еңбек етеді, оның 62-дәрігер. Бүгінгі таңда 35 дәрігер жұмыс жасап жатыр, ал қалғандары декреттік немесе еңбек демалыстарында. 

Оның үстіне, 10 қазанда орталықтың 23 қызметкері қол қойған президент Қасым-Жомарат Тоқаевтың атына жазылған ашық хаты жарияланды. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іс сотқа жетпей жатып БАҚ-на ақпарат таратып үлгерді.  Бұл перинаталды орталық дәрігерлерін қылмыскерлермен қатар қойғанмен бірдей деген сөз. Дәрігерлерге деген халық наразылығы одан сайын күшейді. Біз өз әріптестерімізді ақтап отырғанымыз жоқ, олардың кінәсін тиісті органдар дәлелдейтін болады. Бізді істің ақ-қарасы шешілмей жатып, біздің бәрімізді қылмыскер деп танытқандары қынжылтып отыр. Мұндай жағдайда өз міндеттерімізді толыққанды атқару мүмкін емес, сондықтан да біз жұмыстан кетуге мәжбүр болып отырмыз", - делінген президентке жазылған хатта. 

"Өз жұмысымызды атқарғаннан басқа бізден  тағы да жауап алып жатыр. БАҚ-да  алдын-ала жарияланған ақпараттар, әлеуметтік желілердегі жағымсыз комментарийлер, міне, осының салдыры 31 адамның бір уақытта жұмыстан кетеміз деп арыз жазуына әкелді", - деп жазған еді ОПО гинекология бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Бақыт Шукабаева. 

Еске сала кетейік, Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда Атырауда облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері қамалған болатын. Дәрігерлер жаңа туған сәбиді суық камерада өлтірді деген күдікке ілінген еді. Осы оқиғадан кейін Атырау перинаталдық орталығының 31 дәрігері жұмыстан шығу туралы өтініш жазған еді. Сонымен қатар, Біртанов Атыраудағы дәрігерлер ісі жайлы баланың өлімі туралы жазбаны өзгертуге болар еді деген еді.   



Өзгелердің жаңалығы