Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директорына қатысты тергеу аяқталды

25 Шілде 2024, 09:43
404
Бөлісу:
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директорына қатысты тергеу аяқталды
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы бас директоры М.Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚМА Телеграм каналына сілтеме жасап.

Тергеу қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалану фактісі бойынша жүргізілді, бұл мемлекетке аса ірі залал түрінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырды. 

Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында АМӨЗ қаражатынан ақшалай қаражатты негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деп күдіктелуде. 

М.А.Мұратовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы