Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты

3 Шілде 2023, 20:26
2367
Бөлісу:
Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты
Фото: скрин

Электр қуатының жоқтығынан Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зауыттың қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, электр желісіндегі ақаудың салдарынан қондырғылардың жұмысы апаттық жағдайда тоқтатылған.

Атырау мұнай өңдеу зауыты бүгін, 3 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 17:25-те жұмысын тоқтатты. Бұған «KEGOC» АҚ тарапынан электр энергиясының өшірілуі себеп болды. Технологиялық регламентке сәйкес апатты жағдайдың алдын алу мақсатында электр энергиясының сыртқы желілерін толық қалпына келтіргенге дейін зауыттың отын желісі факелге жіберілді. Ақауларды жою нәтижесі туралы қосымша хабарланады, - деп мәлім етті зауыттың қоғаммен байланыс бөлімінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бірнеше шағынауданда жарық сөніп қалғанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы